ХРОМТАУ АУДАНЫ ӘКІМІ АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИННІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АУДАНДЫҚ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Хромтау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Аманғали Бердалиннің төрағалығымен аудандық терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті. Аталмыш комиссия отырысында «Тассай, Абай ауылдық округтерінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары туралы» Тассай, Абай ауылдық округтерінің әкімдері баяндама жасаса, «Аудандық терроризмге қарсы комиссияның ақпаратты қажет етілетін тізбесі аясында мемлекеттік мекемелердің, қала және ауыл әкімдерінің жұмыстарын ұйымдастыру» бойынша Хромтау аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Самат Аманжолов пен Хромтау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нұрлан Избастиннің баяндамалары тыңдалып, талқыланды. Сондай-ақ, өткен тоқсанда облыстық және аудандық терроризмге қарсы комиссия отырысы шешімдері мен берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.