ПАРТИЯЛЫҚТАР 100 ПАЙЫЗ КӨМЕК КӨРСЕТУДІ МАҚСАТ ЕТІП ОТЫР

«Нұр Отан» партиясының Хромтау аудандық филиалы ғимаратында аудандық мекеме басшыларының қатысуымен өткен шарада Хромтау ауданындағы ҰБТ-ға қатыспаған және ҰБТ-дан шекті ұпай жинай алмаған мектеп түлектерінің 94 пайызы «Нұр Отан» партиясының Хромтау аудандық филиалының көмегімен жұмысқа орналасты және оқуға түскендігін алға тартқан партиялықтар 100 пайыз көмек көрсетуді мақсат етіп отыр. Аталмыш шарада мектеп бітірушілерге 72 бос жұмыс орны ұсынылды. Шара барысында «Нұр Авто» ЖШС-нің директоры Нұрлан Елдесов Бөгетсай мектеп-гимназиясының түлегі Тұрсынбек Болатбайұлын автомектебінде тегін оқытып, оқуын аяқтаған соң инструктор ретінде жұмысқа алуға уәде берді. Бұл туралы Тұрсынбек Болатбайұлы:
– Осындай игі шаралар көп ұйыдастырылса нұр үстіне нұр болар еді. «Нұр Авто» ЖШС-нің директоры Нұрлан Елдесов мырзаға алғысым шексіз. Осындай ағаларымыз көбейе берсін! Осы шараның арқасында анама көмегім тиетін болды. Анам 5 бала тәрбиелеп отырған жан, менің қуанышты хабарымды естісе сөзсіз қуанары анық. Менде қуаныштымын!