ХРОМТАУ АУДАНЫ КӨЛЕМІНДЕ ЕГІН ОРУ НАУҚАНЫ УАҚТЫЛЫ АЯҚТАЛДЫ

Хромтау ауданы көлемінде күзгі егін ору науқаны 25 қыркүйекте шаруалар еккен дәнді-дақылдарын шашау шығармай уақтылы жинап алды. Аудан көлемінде биылғы жылы 43 370 гектар жерге дәнді-дақылдар егіліп, әр гектары 13,1 центнерден өнім алынды. Биылғы жылғы өнімнің жалпы түсімі 56 700 тонны болды. Оның ішінде 13 400 гектар жерге арпа егіліп, гектарына 13 центнерден 17 500 тонны арпа жиналды. Ал 29 900 гектар жерге себілген бидайдың гектарына 13,1 центнерден 39 200 тонны бидай жиналды. Қазіргі таңда күзгі сүдігер өңдеу жұмыстары жүргізілуде.