ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ

№4 Хромтау орта мектебінің ұжымы кәсіби мереке Мұғалімдер күнін атап өтті. Алғаш болып ұстаздар ұжымын №4 Хромтау орта мектебінің директоры Болатбек Дүйсенбин мерекемен құттықтап, жүрек жарды жылы лебізін білдірді. Одан кейін әріптестерін кәсіби мерекемен №4 Хромтау орта мектебінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Кулпаршын Жұбанова мен №4 Хромтау орта мектебінің кәсіподақ ұйымының мүшесі Ольга Иванцова құттықтап, ақ тілектерін айтты. Сонымен қатар, №4 Хромтау орта мектебінің ұжымы «Ұстазға тағзым» атты әннен шашу шашқан кешті тамашалады. Кеш барысында мектептің бірқатар мұғалімдері мен жас мамандарына алғыс хаттар және сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, №4 Хромтау орта мектебінде абройлы қызмет етіп, қазірде зейнетке шыққан ұстаздарға естелік сыйлықтар үлестірілді. Мерекеге арнап керемет кештің өтуәне атсалысып, ұйымдастыруға мұрындық болып, қолдау көрсеткен №4 Хромтау орта мектебінің басшылығы мен кәсіподақ ұйымына өз кезегінде ұстаздар ұжымы ризашылықтарын жеткізді.