ЖІГІТ СҰЛТАНЫ – 2017

Хромтау аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Никельтау ауылдық округінде аудандық «Жігіт сұлтаны – 2017» сайысы өтті. Аталмыш сайыста Ақжар, Бөгетсай, Никельтау, Қопа, Тасөткел, Тассай, Табантал, Сарысай ауылдық округтерінен және Хромтау қаласынан барлығы 9 жігіт бақ сынасты. «Жігіт сұлтаны – 2017» байқауына қатысқан ауданның абдан жігіттері 6 кезең бойынша сыңға түсті. Жігіттердің өнері мен өресін, күші мен қабілетінің бағасын әділқазы алқалары: Хромтау аудандық мәдениет үйінің сүймелдеушісі, «Халық театр» актері, әнші Ғани Бейсенов, Хромтау аудандық мәдениет үйінің әдіскер бөлімінің басшысы Жанар Қазбаева, Хромтау аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Рысты Мамбеталина, Бөгетсай ауылдық мәдениет үйінің директоры, спорт жаттықтырушысы Жанаберген Токин және Облыстық «Жігіт сұлтаны – 2017» байқауының І орын иегері Құрманғазы Серғазы әділ бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтады. Сайыста өз шеберлігін көрсетіп, оза шығып бас жүлдені Бөгетсайлық Айдос Болатов иемденсе, жүлделі Іорынды Никельтау ауылының намысын қорғаған Ұлан Жумагалиев жеңіп алды. Ал Табанталдық Асет Ермеков жүлделі ІІ орын алса, Сарысай ауылының қатысушысы Еркебулан Есиркепов жүлделі ІІІ орынды қанағат тұтты. Хромтаудың намысын қорғаған Тимур Арыстанбаев «Көрермендер көзайымы» номинациясымен, Ақжарлық Жасқайрат Баймуратов, Тассайлық Жақсығали Отебалин, Тасөткелдік Даурен Туйешибай, Қопалық Нурдаулет Ныгметжан белсене қатысқандары үшін марапатталды. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар берілді. Шара соңында Хромтау аудандық мәдениет үйі атынан Никельтау ауылдық мәдениет үйіне естелік сыйлық табысталды.