«ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ЖОБАСЫ ХРОМТАУ АУДАНЫНДА БАСТАЛДЫ

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы Хромтау ауданынан басталды. Еске салайық, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ауқымды жобасы алғаш рет 2016 жылы Ақтөбе облысында жүзеге асырылған еді. Аталмыш жобаны өңірде жалғастырған аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен құрылған жұмыс тобы Хромтау ауданына 3 күндік жұмыс сапарымен келіп, Аймақ көлемінде жүзеге аысырылатын «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының І бағыты «Ауқымды түсіндіру жұмыстары және рухани сұрақтар» бойынша Облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов пен ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің Бас имамы Төлеби Оспан бастаған топ жұмыстарын бастап, «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асыруға кірісті. Дөң тау-кен байыту комбинаты, мыс комбинаты мен білім беру ұйымдарында және мешіт арасында, аудан тұрғындарына, жастарға, мектептің жоғары сынып оқушылары, ата-аналар арасында «Дін және жастар», «Діни тұрақтылыққа сауаттылық арқылы жетудің жолдары», «Жастарды жалған діни идеологиялардан сақтау», «Жаназа және жерлеу рәсімдері» тақырыптарында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізген аталмыш топ 3 күн қатарынан ауданның діни ахуалын тұрақтандыруға бағытталған көптеген кездесулер өткізеді. «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясындағы шаралар Хромтау ауданында өткен дүйсенбіден бері жүргізіліуде.
@ Хромтау ауданы әкімінің баспасөз қызметі #Хромтау – Акимат#