АУДАНҒА «ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КЕЛГЕН ЖҰМЫС ТОБЫ ДӨҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АТ БАСЫН ТІРЕДІ

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы өткен дүйсенбіде Хромтау ауданынан басталды. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен құрылған жұмыс тобы Хромтау ауданына 3 күндік жұмыс сапарымен келіп, Аймақ көлемінде жүзеге аысырылатын «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының І бағыты «Ауқымды түсіндіру жұмыстары және рухани сұрақтар» бойынша топ мүшелері: ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің Бас имамы Төлеби Оспан және «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Жандәулет Сүлейменов Дөң ауылдық округінде болып, халықпен кездесіп, ауыл тұрғындарына дәстүрлі емес ағымда жүрген азаматтардың ұстанымдары мен белгілері туралы айтып, дәстүрлі дініміздің мәні мен маңызы хақында кеңінен түсіндіріп берді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.
@ Хромтау ауданы әкімінің баспасөз қызметі #Хромтау – Акимат#