2014 жылдың қорытындысы бойынша Хромтау ауданыныңәлеуметтік- экономикалық дамуы туралы анықтама

Қымбатты аудан тұрғындары!
«Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі отырысында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауын жариялаған болатын.
«Нұрлы жол» – болашаққа бастайтын аса маңызды, қазіргі уақытта қажетті стратегиялық құжат.
Елбасы «Стратегия - 2050»-дің көкжиегін кеңейте келе, бүгінде әлемдік экономикадағы жағдайдың тұрақсыздығына қарамастан, үндеулер мен қауіптерге жауап ретінде келесі кезең Қазақстанның «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық саясатына өттік екі вектордың қиылысатын жері: олардың бірі Қазақстанның даму жолы, екіншісі сөзсіз табысқа қол жеткізу екенін белгілеп берді.
Ел экономикасын өркендету, дамыған мамлекеттердің қатарынан лайықты орын алу үшін Жолдауда бағытталған тапсырмаларды орындау – біздің міндетіміз.
Жолдауда мемлекетімізді, экономикамызды дамытудың барлық бағыттары, даму жолдары көрсетілген. Сондықтан бар күш-жігерімізді аянбай жұмыс жасауымыз қажет. Бұл біздің – ортақ парызымыз, басты мақсатымыз.
Құрметті есептік кездесуге жиналған қауым!
Қазақстан Республикасының Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 «Әкімдердің тұрғындармен кездесу есебі туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімдерінің есебі жылда бір рет өткізіледі.
Осы кездесуге дейін аудан тұрғындарымен Хромтау қаласында және барлық селолық округтерінде Сіздермен бірге есептік кездесулер өткізілген болатын.
Қорытынды есептік кездесулер бойынша 2014 жылы 10 пункттен тұратын іс-шаралардың жоспарлары жүзеге асырылды. Оның ішінде күрделі жөндеу жұмыстары, жер астындағы су қорын анықтау және су құбырының қүрылыс- монтаж жұмыстарын жүргізу , көшелерді жарықтандыру, сонымен қатар елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Экономиканың нақты секторы.
1. Өнеркәсіп.
Жаңадан өндіріс орындары іске қосылып, әлеуметтік сала нысандары мен инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары жалғасын табуда.
Ауданда тау кен өндіру өндірісі жолға қойылған, бүгінгі күні «Дөң тау кен байыту» комбинаты хром өнімін өндіру және оны байыту сатысында, аудан, облыс және республика көлемінде, экономиканың қарыштап дамуына өз үлесін қосып отырғандығы белгілі.
Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі қолданыстағы баға бойынша 192,1 млрд.теңгені құрады.
Жыл басынан Дөң тау кен байыту комбинаты бойынша хром кенін өндіру көлемі 4409,7 мың тоннаны құрады және тауарлық хром кені 3902,6 мың тоннаны құрады.
«Восход Ориел»- жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, хром руданы 1001,0 мың тоннаға және хром концентратын 573,4 мың тоннаға өндірді.
«Ақтөбемыскомпания» және «Коппертекнолоджи» жауапкершілігі шектеулі серіктестік өнеркәсіпорындары арқылы мыс руданы өндіру көлемі 4297,0 мың тоннаға, мыс-мырыш рудасы 586,8 мың тоннаға, мыс концентраты 390,1 мың тоннаға оның ішінде цинк концентраты 36,4 мың тоннаға өндірілді.
Есепті мерзім ішінде, қызыл кірпіш өндіру көлемі 13 млн.585 мың дана құрады, өткен жылмен салыстырғанда 105,0 мың данаға артты.
«Ақтөбемыскомпания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы жылына 500,0 мың тонна қуаттылығымен мыс-мырыш өндіретін «Весенне-Аралчинское» кеншарының құрылысы жүргізілуде және «Лиманное», «Кундыздинское» кен орындарын игеру мақсатында, инвестициялық жобалары қолға алынып әзірленуде.
Аққұдық ауылдық округінің аумағында «Игданит» ЖШС арқылы қайнатылмаған әк (известь) 25,0 мың тонна жылдық қуаттылығымен өндірлетін зауыттың құрылысы жүгізілуде.
Ауданда бірқатар құрылыс материалдарын өндіру жұмыстары жолға қойылған, Абай, Тассай, Кызылсу, Тасөткел ауылдық округтерінің аймағында қиыршақ тас өндірісі және Дөң ауылдық округінің аумағында құм өндіру қолға алынып жүргізілуде.
2.Ауыл шаруашылығы.
Аталған жолдауды орындау мақсатында, ауылшаруашылығы саласында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Натуралдық көрсеткіште, ет, сүт, жұмыртқа өндірістерінің және де малдың кейбір түрлері бойынша санының өсуі анықталды.
Есепті мерзімде ауданда ірі қара мал басы 26000 басқа, оның ішінде сиыр басы 12797, қой мен ешкі 45000 басқа, жылқы 3500 басқа, шошқа 1147 басқа, түйе 64 басқа және құс 47000 басты құрады .
Барлық ауылшаруашылық санаттарымен жыл басынан 7648,0 тонна ет, 30040,0 тонна сүт, 6557,0 мың дана жұмыртқа, жүн 103,0 тонна көлемінде өнімдер өндірілді.
Есепті мерзімде 1873 аналық мал басы қолдан ұрықтандырылды.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 226 бас тауарлы ірі қара мал сатып алу жоспарланды, жоспар 113,7 пайызға орындалып, 257 бас тауарлы және 3 бас асыл тұқымды ірі қара малы сатып алынды.
Мемлекет тарапынан шаруашылықтарға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қаржылай қолдау көрсетілуде, атап айтқанда, 25 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 348 бас бұқа, 1035 бас қашар және 12 шаруа қожалықтарына 339 бас қошқар сатып алынды.
Ауыл шаруашылық құрылымдарына, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және селекциялық жұмыстарды жүргізуге, Үкімет тарапына 434,3 млн.теңге қолдау көрсетілді.
2015 жылдың 1 қаңтарына ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 8941,5( өткен жылы 8711,2) млн.теңге, өткен жылмен салыстырғанда 106,8% құрады .
Ветеринария саласы бойынша негізгі бағыт эпизоотияға қарсы ветеринарлық-профилактикалық шаралар мен мал өнімі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс шаралар жоспарланып, жүзеге асырылды. Үкімет тарапынан үстіміздегі жылға 42,8 млн.теңге бөлінді және толығымен игерілді.
Есепті мерзімде ауданда төмендегідей мал бастары бірдейлендірілді, атап айтқанда 11131 бас ірі қара, 20945 бас қой-ешкілер , 18 бас түйе, 348 бас шошқа бірдейлендірілді және 928 бас жылқыға таңбалау жұмыстары жүргізілді.
Үстіміздегі жылдың қуаңшылығына байланысты 41000 га жер орылып, орташа өнім 6,0 ц/га түсіммен 24288 тонна өнім алынды, картоп 3660,0 тонна, орташа өнім 122,0 ц/га, көкөніс 2015,0 тонна, орташа өнім 155,0 ц/га, майлы дақылдар 2610,0 тонн, орташа өнім 7,25 ц/га, бақша 17,0 тонн, орташа өнім 170,0 ц/га құрады.
Есепті мерзімде, ауданның шаруашылықтарымен ауыл шаруашылығы негізгі қорына 55,3 млн. теңгеге инвестиция салынды, оның ішінде 28,3 млн. теңгеге техника және 27,0 млн. теңгеге мал сатып алуға инвестиция салынды.
Ауылшаруашылығы құрылымдарын дамыту және ауыл тұрғындары табысының деңгейін арттыру мақсатында, мемлекеттің қатысуымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ауыл тұрғындарына қаржылай қолдау негізгі мақсаты болып табылатын бірқатар мамандандырылған ұйымдар өз жұмыстарын атқарып келеді, «Хромтау-Агро» несие серіктестігі, 4 ауыл шаруашылығы құрылымдарына жалпы 10,7 млн. теңге көлемінде несие берілді, атап айтқанда «Дихан» шаруа қожалығына 1,8 млн.теңге, «Дәулет» ШҚ – 2,9 млн. теңге, «Аралтөбе» ШҚ- 3,0 млн. теңге, «Жанат» ШҚ -3,0 млн.теңге көлемінде несие берілді.
Аудан халқын ауылшаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ету мақсатында, аудан аумағында астықты қайта өңдейтін 1 диірмен, макарон цехы, Хромтау қаласынды 3 наубайхана және ауылдық округтерде 4 наубайхана жұмыс жасайды. Аталған кәсіпорындармен 5230 тонна ұн, 812 тонна макарон өнімдері, 7530 тонна нан өнімдері шығарылды.
Аудан тұрғындарын ауылшаруашылығы өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан кестеге сәйкес Хромтау қаласында 48 рет ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге ауданның ауылшаруашылықтары, кәсіпорындары, жеке тұлғалар мен ауылдық округтері және «Ақтөбе астық өнімдер комбинаты» ЖШС қатысып, барлығы 62,4 тонна сиыр еті, 18,0 тонна қой еті, 31,2 тонна шошқа еті, 19,2 тонна жылқы еті, сүт өнімдері, көкөніс, қаз, үйрек, жұмыртқа, ұн, ұнтақ жарма 480,0 тоннаға сатылды, жалпы барлығы 192,0 млн.теңге көлемінде өнімдер өткізілді.
3. Негізгі күрделі салымдағы инвестициялар.
Ауданда алдын ала есеп бойынша, есепті мерзім ішінде 26721,8 (өткен жылы 22242,5) млн. теңге көлемінде инвестиция игерілді. Оның ішінде республикалық бюджет арқылы 1064,2 млн.тенге, жергілікті бюджет арқылы 355,6 млн.теңге, өз қаражаты арқылы 23604,2 млн.теңге, банктердің кредиттері 1697,8 млн.теңге қаржы игерілді.
Дөң тау-кен байыту комбинаты өз қаржылары есебінен, алдын ала есеп бойынша 6 млрд.154,5 млн. теңге көлемінде инвестиция игерілді (өткен жылы 11млрд.679,4 млн.теңге).
«Ақтөбе мыс компания» және «Коппертекнолоджи» ЖШС арқылы 8млрд.299,6 млн.теңге (5млрд.886,8млн.теңге) нвестиция игерілді, өткен жылмен салыстырғанда
140,9 пайыза немесе 2млрд.412,8 млн.теңгеге артты.
«Восход Ориел» және «Восход Хром» ЖШС арқылы есепті мерзімде
3 млрд.220,2 млн.теңге (өткен жылы 1 млрд.479,3млн.теңге) игерілді, немесе 217,7 пайызға артты.
Ауданда есепті мерзімде республикалық және жергілікті бюджеттерден қарастырылған инвестициялық жобалар арқылы, төмендегідей жұмыстар жоспарланып жүргізілді.
«2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы» ауданда жүзеге асыру мақсатында, республикалық бюджет арқылы 105млн.400 мың теңге бөлінді және толығымен игерілді, бүгінгі күні Хромтау қаласында 7 көпқабатты тұрғын үйлер жөндеуден өткізілді, үйлердің шатырлары, сыртқы фасады, подвалдары мен подъездеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту Бағдарламасы» бойынша, Хромтау қаласын дамытып, көркейтуге,гранттармен, микрокредит және субсидиялауға барлығы 1млрд.018млн.431,0 мың теңге бөлінді.
Есепті мерзімде Хромтау қаласында төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
«22 кварталды» жарықтандыру мақсатында электр жүйелерін тарту құрылыс жұмыстары жүргізілді, республикалық бюджеттен 300,0 млн. теңге бөлінді. «Абай» және «Жеңіс» даңғылдарындағы көшелер жарықтарына қайта құру жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 19,2 млн.теңге бөлінді, 3523 метр арақашықтықпен 93 дана темір бағаналар орнатылды және 49 дана жарық шамдары орнатылды.
Қаланың Шиловский, Елькеева, Жұбанова көшелерінің жарықтандыру жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 10млн.300 мың теңге қаралды, жұмыс 10млн.186 мың теңгеге орындалды. Ұзындығы 1,9 км құрайтын 3 көшеге ВЛ-04 КВ желісі 68 жарық шамдары қондырғыларымен қондырылды.
Қаладағы Жамбыл көшесінің ауыз су құбырларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілуіне, республикалық бюджеттен 12млн.700 мың.теңге қаралды, ұзындығы 900 метр су құбырлары күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізілді және 1 өрткеқарсы гидрант қондырылды.
Және де моноқалаларды дамыту Бағдарламасы бойынша Хромтау қаласындағы аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік ғимаратының 4-5 қабаттарын пәтерге ауыстыру мақсатында қайта құру жұмыстары жүргізілді, облыстық бюджет арқылы 76млн. 300 мың. теңге бөлінді, жоспарланған жұмыс 72 млн. 700 мың теңгеге игерілді, үнемделген қаржы 3млн.600 мың.теңге, қорытындылай келе, ауданның ішкі істер бөлімінің 24 жас отбастары пәтерлі болды.
«Жеңіс» және «Абай» даңғылдарындағы автожолдарды қайта құру жұмыстарын жалғастыруға 86млн.300 мың.теңге бөлінді, қаржы толығымен игерілді, ұзындығы 3,0 км арашықтықпен автомобил жолдары жаңғыртылды, тротуарлар мен бордюрлар салынып, брусчаткалар орнатылды.
Сонымен қатар, Хромтау қаласындағы 15 көшенің автомобиль жолдарына қайта құру жұмыстары жүргізілді (Новая, Жутеев, Нұрлыбаев, Момышұлы,Пацаева, Величко, Омарова, Желтоқсан, Куразова, Достық, Долгова, Гагарина, Құрманғазы, Наурыз, Болашақ,) республикалық бюджеттен 214млн.200 мың теңге қаралды, қаржы толығымен орындалды.
Және де есепті мерзімде аталған бағдарлама бойынша Шиловский көшесінің автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, республикалық бюджет арқылы 17млн.600 мың.теңге бөлінді, игерілуі 17млн.400 мың.теңге, 200,0 мың.теңге үнемделді, арақашықтығы 600 метр автожол жөнделіп, жол белгілері қойылды және бордюрлер жаңартылды.
«Автомобиль жолдары» мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында, ауылдық жерлердің автокөлік жолдарын қысқы және жазғы уақыттарда бір қалыпты ұстау мақсатында, аудандық бюджеттен 18млн.400 мың.тенге бөлінді, аталған қаржыға Тасөткел ауылындағы 34 шақырым жолға шұңқыр жөндеу жұмыстары 5млн. 300 мың.теңгеге жүргізілді және де қалған жолдарға қардан тазалау, шөп қыру, гравий жолдарға профиловка жұмыстары жүргізілді.
Үстіміздегі жылы «Самара-Шымкент- Аққұдық» автожолының күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыруға облыстық бюджет арқылы 23,0 млн.теңге қаралды, барлығы 29 км автожол күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, жұмыс аяқталды, толығымен асфальтобетон төселінді, айналасы бекітіліп, жол белгілері қойылды.
Білім саласындағы нысандарды да күрделі жөндеуден өткізугеде қаржы көзі бөлінді, Мектептен тыс білім беру орталығының әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, республикалық бюджет арқылы 45млн.900мың. теңге бөлінді және толығымен игерілді, ғимараттың төбе шатырына, фасадына және ішкі істер жұмыстары 1-қабатына ғана жүргізілді , күрделі жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтауға қосымша 40,2 млн.теңге қажет.
Жәнеде №4 Хромтау орта мектебінің жылу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 14 млн.700 мың.теңге бөлінді, көзделген жұмыс 13млн.900 мың теңгеге орындалды, қорытындысында 800,0 мың.теңге үнемделді.
Хромтау қаласында, Алипов көшесінде 24 пәтерлік 3 қабатты және 22 шағын ауданда екі 10 пәтерлік арендалық тұрғын үйлердің құрылысы басталып жүргізілуде, республикалық бюджеттен 48 млн.800 мың.теңге, облыстық бюджеттен 4млн. 900 мың теңге және аудандық бюджеттен 49млн.500 мың теңге қаралды, бөлінген қаржы толығымен орындалды.
Есепті мерзімде Хромтау қаласында 22 кварталда 280 орындық бала бақша салу мақсатымен, жобалы сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.
Үстіміздегі жылға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша, аудандағы ауылдық округтер орталықтарында төмендегідей жұмыстар жүргізілді: жарықтандыру, абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатымен 14млн.900 мың теңге бөлінді, жоспарланған жұмыстар жүргізілді, 14млн.300 мың теңге игерілді, үнемделген қаржы 600,0 мың теңге.
Аталған бағдарлама бойынша ауылдарда төмендегідей жұмыстар істелінді;
Абай, Бөгетсай, Қопа, Тасөткел орталықтарында балалар ойнайтын алаңдар құрылды, Ақжар, Дөң, Тассай ауылдарында жарықтандыру жұмыстары жүргізілді, Ақжар, Аққұдық, Көктөбе,Кұдықсай, Никельтау, Табантал ауылдарында иесіз қалған нысандарды бұзу, Коктау, Қызылсу ауылдарында су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстары, Дөң селосында жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстары және ауылдың айналасына абаттандыру жұмыстары және Ақжар селосында әкімшілік нысанының жылыту жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Есепті мерзімде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы төмендегі ауыл орта мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөгетсай орта мектебіне 51 млн.180 мың теңге, Қопа орта мектебіне 32 млн.228 мың теңге, Сатпай орта мектебіне 51 млн.949 мың теңге және Хромтау қаласындағы №8 балабақшасына 105млн.800 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді және үнемделген қаржыға Коктау округіндегі «Нұрлы көш» орта мектебі жанынан балаларды мектепке дайындайтын кіші орталық ашылды (794,2 мың теңге) .
Және аталған бағдарлама бойынша Ақжар ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстары 19 млн.теңгеге жүргізілді.
«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының 2-бағыты бойынша, кәсіпкерлік саласында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды қолдау мақсатында, республикалық бюджет арқыды 14млн.200мың.теңге қаралды, аталған қаржыға:
Табантал ауылдық округі «Мың-Тобе» ШҚ, Құдықсай ауылдық округі «Айбек» ШҚ, Қопа ауылдық округі «Жасұлан» ШҚ, Бөгетсай ауылдық округі «Аслан» ШҚ, Қызылсу ауылдық округі «Саяжан» ШҚ 3 кВТ күн-сәулелі генератор алынып, орнатылды.
Есепті мерзімде республикалық және облыстық бюджет арқылы Некілтау ауылында 6,1 км арақашықтықтағы кәріздер жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, бөлінген қаржы 84 млн 200 мыңтеңге, орындалуы 83 млн.900 мың теңге, үнемделген қаржы 300,0 мың.теңге.
Қызылсу ауылында ауыз су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынып жүргізілді, бюджеттен 65 млн. 400 мың.теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет 52 млн.300 мың.теңге, орындалуы 100,0 пайыз, арақашықтығы 7,7 км су құбырлары жөнделді.
Абай селосындағы орта мектепке газға арналған котельный орнатылды, бөлінген қаржы 16 млн.600 мың.теңге толығымен игерілді. Және де білім саласында, Табантал, Майтөбе орта мектептеріне және Табантал, Тамды бала бақшаларына газға арналған қазандық орнатылды, облыстық бюджеттен 28 млн.900 мың бөлінді, қаржы толығымен игерілді.
Есепті мерзімде төмендегі нысандарға облыстық және аудандық бюджет арқылы жобалы сметалық құжаттарын дайындауға, облыстық бюджет арқылы 65 млн.800 мың теңге және аудандық бюджет арқылы 10,0 млн.тенге бөлінді :
- «Табантал ауылына кіре беріс» және «Тассай ауылына кіре беріс» автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- «Сарсай-Майтөбе» автожолының мостын күрделі жөндеу жұмыстары; Хромтау қаласының автожолдарын қайта құру жұмыстары;
- Хромтау қаласының көшелерін жарықтандыру;
- Сарсай және Бөгетсай ауылының орталықтандырылған су құбырларының жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізу, жоба- сметалық құжаттар дайындалып, сараптамадан өтті.
Және де Ақжар аулының бас жоспарын әзірлеуге облыстық бюджет арқылы 15млн.200 мың теңге қаралды, топографиялық және геологиялық жұмыстары жүргізілді.
«Дөң» аулында 600 орындық оқушыларға арналған орта мектептің құрылысын жүргізу мақсатында, жобалы сметалық құжаттарын дайындауға 21 млн.600 мың теңге қаралды, бүгінгі күні мердігермен жобалы –ізденіс жұмыстары жүргізілуде.
4. Кәсіпкерлік
Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлікте 2139 (өткен жылы 2361) тұлғалар тіркелген. Аталған салада 3876 (өткен жылы 3702) адам қамтылды. Ауданның кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілері арқылы жыл басынан тауар, жұмыс және қызмет көрсету 11215,7 (өткен жылы 7958,8) млн.теңге көлемінде орындалып, өткен жылмен салыстырғанда 3256,9 млн.теңгеге артты. Есепті мерзімде кәсіпкерлік саласы бойынша бюджетке 5386,8 (өткен жылы 5015,6) млн.теңге көлемінде салық түсті.
Ауданда «Бизнестің жол картасы 2020» және «2012-2020 жылдарға арналған Моноқалаларды дамыту», «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында, бірқатар іс-шаралар өткізілуде, ү.ж. наурыз айында аудан кәсіпкерлері мен және өз ісін жаңадан бастауға ниет білдірген азаматтармен кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша дөңгелек үстел және де аудан кәсіпкерлерінің өндірген тауарларының, жұмыстарының және көрсететін қызмет түрлерінің көрмесі өткізілді. Форумға екінші деңгейдегі банктердің басшылары, Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының өкілі, Дөң тау кен байыту комбинатының директоры, Ақтөбе облысының кәсіпкерлік палатасының өкілі, Ақтөбе облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры филиалының өкілі, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақтөбе филиалының өкілдері қатысқан жиылыста несие алу, несиелерді субсидиялау, грант және серіктестік бағдарламасы туралы сұрақтарға жауаптар берілді.
«2013-2015 жылдарға арналған Хромтау қаласын Кешенді дамыту Бағдарламасы»аясында, Хромтау қаласындағы 2 кәсіпкерге 6,0 млн.теңге көлемінде мемлекеттік грант бөлінді, аумақтық Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша 2 өтінім мақұлданды, ЖК «Тәуекел» төбе жабатын профнастил шығаруға және ЖК «Әжмағамбетов Н.Г» жиһаз шығару мақсатында, 5977,9 мың теңгеге грантты жеңіп алды.
Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында жеке іс бастауға немесе кеңейтуге және айналым қаражатын толықтыруға микрокредиттер беру үшін, республикалық бюджеттен 141365,0 мың теңге бөлініп 50 кәсіпкер иеленді. Және де банктерден алынған несиелердің пайыздық мөлшерлерін субсидиялауға 70000,0 мың теңге бөлінді, бүгінгі күні 6 кәсіпкер қолдау тауып несиелерін рәсімдеді.
Ауданда кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бизнес инкубатор ашу мақсатымен, көлемі 3367,71 шаршы метрлік бұрынғы әкімшілік ғимараты күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізілуде, облыстық бюджеттен 166,1 млн.теңге бөлінді, 131,1 млн. теңгеге жұмыс орындалды, жөндеу жұмыстары келесі жылға ауыстырылды.
Ауданда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында «Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің қоғамдастығы» Қоғамдық бірлестігі және «Кәсіпкерлікті қолдау орталығы құрылды.
Шағын және орта кәсіпкерліктің нәтижелі дамуына, аталмыш саланың іс-әрекетін қамтамасыз ететін дәйекті инфрақұрылым элементтері болып табылады. Атап айтқанда, «Хромтау-Агро» несиелеу серіктестігі, «Казагромаркетинг» өкілеттігі, екінші дейгейдегі 6 банк, 1 зейнетақы қоры, 2 сақтандыру компаниялары, заң кеңсесі, 5 нотариалдық кеңсе, маркетинг қызметі, адвокаттық қызметі инфрақұрылымның элементтері болып табылып, кәсіпкерлерге консалтингтік және ақпараттық қолдау көрсетіп, оларды дайындап, несиелер алуға ықпал етеді.
Кәсіпкерлік мәселелері жөнінде ауданда ай сайын семинар кеңестер, дәріс беретін тренинг мәжілістер, «Дөңгелек үстел», бизнес кездесулер ұйымдастырылады. Бұл кездесулер аудан кәсіпкерлігінің дамуы мен қалыптасуына ықпал етеді.
5. Салық және қаржы.
Есепті мерзімде салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсімі 16870,2 млн. теңгеге болжанса, нақты түскені 18689,1 млн.теңге (өткен жылы 20402,4 млн. теңге) құрады. Өткен жылдың салыстырмалы мерзімімен салыстырғанда салық 1713,3 млн.теңгеге кемігені байқалады.
Республикалық бюджетке 11403,0 млн.теңге көлемінде түсім түсуі болжанса, нақты түсімі 12680,1 млн. теңге (өткен жылы 14570,2 млн.теңге). Облыстық бюджетке 2743,3 млн.теңге көлемінде түсім түсуі болжанса, нақты түсімі 3275,7 млн. теңге (өткен жылы 3278,5 млн.теңге). Болжам-жоспар бойынша аудандық бюджетке 2723,8 млн.теңге салық және түсім түсу керек болса, жоспар 100,3 пайызға орындалып 2733,3 млн. теңгеге (өткен жылы 2553,7 млн.теңге) түсім түсті.
6. Әлеуметтік қорғау.
Ауданда есепті мерзімде тұрмысы төмен 3 отбасы, (өткен жылы 2) аталған отбасына 159,4 (өткен жылы 114,7) мың.теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Тұрғын үй жәрдемақысы 40 (өткен жылы 51) отбасына тағайындалып, аталған отбасыларына 691,2 (өткен жылы 620,5) мың. теңге көлемінде жәрдемақы төленді.
18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 386 (өткен жылы 476) балаға тағайындалып 5214,9 (өткен жылы 6796,7) мың теңге көлемінде жәрдемақы төленді. Елбасымыздың қолдауымен аталған жәрдемақы мөлшері жылма-жыл өсуде.
Жаңадан жұмыс орындары 481 (459 жұмыс орны) ашылды. 451 (өткен жылы 492 адам) тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Қоғамдық ақылы жұмыстарға 151 (өткен жылы 150) адам қатысты.
Әлеуметтік сала.
1. Білім.
Аудан бойынша 28 білім мекемелері жұмыс істейді, соның ішінде 25 орта,
1 негізгі және 2 бастауыш мектептер бар.
Аудан мектептерінде 6640 мектеп жасындағы балалар оқумен қамтамасыз етілген. Бөгетсай, Қопа, Табантал ауылдарында 96 контингентпен мектеп жанындағы интернаттар жұмыс атқаруда.
Ауданда мектепалды дайындық жұмыстарын жүргізуге бағытталған 16 балабақшалар жұмыс істейді, оның 8 ауылдық жерлерде, атап айтқанда Қопа, Көктау, Бөгетсай, Табантал, Никельтау, Дөң, Ақжар, Тамды балабақшалары. Аталған балабақшаларда 1861 бала қамтамасыз етілген, мектепалды дайындықпен 689 бала қамтамасыз етілген.
Есепті мерзімде Хромтау қаласында бұрынғы бала бақша әкімшілік ғимараты қайтадан күрделі жөндеуден өткізіліп, №8 бала бақша, 175 орынмен іске қосылды, «Жұмыспен қамту 2020» республикалық бюджет арқылы 125млн. 954 мың теңге бөлінді және толығымен игерілді.
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданда 3 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс атқарады, олар «Мектептен тыс білім беру орталығы» 1680 оқушы, орталықта үйірмелер төрт бағыт бойынша жүргізіледі: бейнелеу қолданбалы бағыт, көркем шығармашылық бағыт,техникалық бағыты, спорттық бағыт.
«Балалар музыка мектебі» 106 оқушы және «Аула клубы» 110 оқушысымен жұмыс істейді, сонымен қатар мектеп жанындағы 128 үйірмелерде 3004 оқушылар тартылған.
Үстіміздегі жылдың ақпан айында облыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының слетіне ауданнан 4 тәлімгер қатысып, жүлделі 2-орынмен марапатталды.
Ауданда маусым айының 2 күні ҰБТ-ұлттық бірыңғай тест өткізілді. Аудан бойынша мектеп бітірушілердің жалпы саны 372 құраса, оның ішінде 196 түлек ҰБТға қатысты. ҰБТ ның қорытындысы бойынша 50-ден төмен ұпай жинаған оқушылар саны -5, 100-ден жоғары ұпай жинаған оқушылар -71.
Өткен оқу жылымен салыстырғанда орташа ұпай 19,0 пайызға көтерілді, облыс көлемінде 89,02 пайызбен 2-ші орынға ие болдық .
Аудан бойынша: Сатпай ОМ, Хромтау №2,5 мектеп гимназиялары, Хромтау №3,4,6 орта мектептері, Бөгетсай, Никельтау орта мектептерінің оқушылары жақсы нәтижеге қол жеткізді. Айта кетер болсақ, бұл нәтиже, білім сапасын көтеру бағытында атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесі. Аудан бойынша 12 оқушы «Алтын белгі»ге ұсынылды, оның ішінен 7уі өз білімдерін дәлелдеді,
«Үздік аттестат» 3 оқушы алды. ҰБТ қорытындысында 70-тен төмен пайыз көрсеткен мектептер : Сарсай ОМ, Тасөткел ОМ, Хромтау №1 ОМ, Ақжар ООМ, Ақжар ҚОМ.
2.Денсаулық.
Ауданда 1 аудандық орталық ауруханада 68 орындық, бір мерзімде 260 адам қабылдай алатын поликлиника, ауылдық жерлерде 5 дәрігерлік амбулатория, 17 медициналық пункт және 1 фелдшерлік акушерлік пункті жұмыс жасайды.
Аудандық орталық ауруханада 45 дәрігер жұмыс атқарады. Ауруханаға 6 жас маман келді, оның 3 жалпы тәжрибе дәрігері, 1 акушер-гинеколог, 1 дәрігер хирург және 1 невропатолог.
Есепті мерзімде, ауданда 942 (өткен жылы 936) бала туылды.
Жыл басынан туберкулез ауруына 21508 адам тексерілді.
Стационарда 2642 науқас ем алса, амбулаториялық поликлиникада 148,2 мың келушілер болған. Есепті мерзімде күндізгі стационарда 1684 науқас емделген.
Денсаулық сақтау бағытында аурудың алдын алу қағидасының негізінде 18 жасқа дейінгі балалар, ересек тұрғындар мен әйелдерді скринингтік және алдын ала тексеру шараларымен жүзеге асырылды. Осы тұрғыдан тоқтағанда, есепті
мерзім ішінде 2560 әйелдер (81 ауру анықталып, емделді) және 0-18 дейінгі жас аралығындағы 9550 бала скрининг бойынша тексерілді( 121 ауру анықталып, емделді), ересектердің қан тамырлары ауруларының алдын алу мақсатында 6354 адам (509 ауру анықталып, емделді), глаукома аурудың алдын алу мақсатында 5173 адам (8 ауру анықталып, емделді), қантты диабет ауруын анықтауға 6354 адам (15 ауру анықталып, емделді) және тоқ ішек рак ауруының алдын алу мақсатында 2694 адам (1ауру анықталып емделді) тексеруден өткізілді. Нәтижесінде анықталған ауруларға сауықтыру жұмыстары жүргізілуде.
Дәрігерлік амбулаториялық, фельдшерлі-акушерлік және медициналық пункттерді қажетті медициналық құрал жабдықтармен қамту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
3.Мәдениет.
Ауданда 37 мәдениет мекемелері халыққа қызмет көрсетеді, оның ішінде 17 ауылдық және 1 аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, 1 аудандық мұражай мекемесі бар.
Есепті мерзімде «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» тіл фестивалі аясында «Абай оқулары», «Оралхан Бөкей – тіл шебері», «Мемлекеттік тіл-балабақшада», «Тіл –халық жанын танудың кілті»және үш тілді- қазақ, орыс, ағылшын тілдерін бірдей меңгерген жастар арасында «Тіл шебері», «Тілдарын-2014» аудандық байқаулар ұйымдастырылып өткізілді.
Аудандық мәдениет бөлімімен үстіміздегі жылы өткізілетін мәдени шаралары Ақтөбе облысының құрылғанына 145 жылдығына, 2015 жылы тойланатын Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Қазақстан хандығының 550 жылдығына мерейтойларына арналған дайындық жүмыстары жүргізілуде.
Ауылдық мәдениет мекемелерінің қызметкерлеріне өткен жылдың қорытыныдысы және басталған жылдың жоспары жөнінде семинар, кеңестер өткізілді. ҚР Президентінің 2014 жылғы «Мәңгілік ел» стратегиясын және «Бір мақсат, бір мүдде» жолдауын насихаттау жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
4.Спорт.
Ауданда 89 спорттық құрылым жұмыс жасайды, оның ішінде 32 спортзал, 35 спорттық алаңдар, 1 стадион және бассейн, тренажер және дене шынықтыру кешені бар. Ауданда спорттың 25 түрі дамыған. Аудандағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 642 адам спортпен айналысады.
Есепті мерзімде ауданның спорттық құрама командасы көптеген облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Алматы қаласында өткен, қыздар арасында III балалар конкурс-фестиваліне 6 спортшылар қатысып, біздің құрама команданың қыздары 1-ші орынға ие болды.
Ауданда «Тау-туризм техникасы» бойынша, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау барысында, алғаш рет облыс чемпионаты өткізілді, жарысқа Ақтөбе облысы бойынша 7 құрама командалары қатысты, 1-ші орынға Хромтау командасы ие болды.
Есепті мерзімде Хромтау қаласының орталық стадионында Ақтөбе облысы жасөспірімдерінің 2-ші жазғы Ауыл ойындары спартакиадасы өткізілді, жарыста 13 командадан 580 ге жуық спортшы қатысты. Аталған жарыста волейбол, футбол, мини футбол, қазақша күрес, еркін күрес, тоғыз құмалақ, асық ату, үстел тенисі ойындары жүргізілді. Жүлделі орынға ие болған командалар медалдармен және мақтау грамоталарымен марапатталды.
Жыл қорытындысы бойынша, ауданда ең үздік көрсеткіштерге қол жеткізген Қоян қолтық ұрысының жасөспірімдері, үстіміздегі жылы Ресей мемлекетіндегі Санкт-Петербург каласында жасөспірімдер арасында қоян қолтық ұрысының Әлем Чемпионаты өткізілді, ұрыста аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің бапкері С.Қалаевтың тәрбиеленушілері Кенжетаев Бағдат және Есенбаев Алишер алтын медал жүлдегері атанды.
5. Құқық қорғау.
Аудандық ішкі істер бөлімінде жедел басқару орталығын ашу үшін қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 20 бейнекамера қондырғыларымен сырттан бейне бақылайтын адрестік бағдарлама әзірленіп, орталық іске қосылды.
Аудандық ішкі істер бөлімімен есепті мерзім ішінде, аудан аймағында тіркелген қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 19,8 пайызға артқан, жалпы 713 қылмыс тіркелген, (595тен 713 ге).
Есепті мерзімде мына қылмыс түрлері өткен жылмен салыстырғанда кеміп отыр, атап айтсақ, ауыр қылмыс түрлері 25,5 пайызға (55тен 41ге), тонау 55,0 пайызға (20дан 9-ға), зорлау 61,5 пайызға (13 тен 5ке), мал ұрлау 17,5 пайыз (40тан 33ке), мас күйінде және нашақорлық күйінде жасалған қылмыс түрі 26,3 пайызға (76 дан 56), топпен жасалған қылмыс түрі 32,0 пайызға (50 ден 34ке), бұрын сотталғандармен жасалған қылмыс түрі 56,3 пайызға (16 дан 7ге).
Есепті мерзімде қылмыстардың ашылуы өткен жылмен салыстырғанда кеміп отыр, атап айтқанда ауыр қылмыстардың ашылуы 65,3 пайыздан 44,7 пайызға, аса ауыр қылмыстың түрі 80,0 пайыздан 40,0 пайызға.
Есепті мерзімде жол транспорттық 47 жағдайлар және 1 жемқорлыққа қылмыс фактісі тіркелген.
Есепті мерзімде әкімшілік полиция қызметкерлерімен 2127 әкімшілік материалдар 15109,1 мың теңгеге жинақталды, оның ішінде 1388 әкімшілік материалдар10619,4 мың теңгеге өндірілді.
6.Сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу ауданымыздың барлық мемлекеттік органдарының басты бағыты болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу мақсатында ауылдық округ әкімдеріне және мемлекеттік органдардың жетекшілеріне тапсырма берілген болатын.
Азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініш- арыздары арналған мемлекеттік құқ қорғау мекемелерінде «сенім телефондары» орындалды, тізімі аудандық газетте жарияланды.
Жүргізілген жұмыстарға қарамастан, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан заңбұзушылықтар орын алды. 2014 жылы – 6 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға тартылды.
Аталған деректер бойынша кеңейтілген аудан әкімдігінің отырысында ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен қарастырылып, құқықбұзушылықты жол бермеу мақсатында жауапты мекеме басшыларына және жауапты мамандарына нақты тапсырмалар берілді.
Құрметті жерлестер!
Бұл баяндамада аймақ бойынша жүйелі түрде жүзеге асырылған жұмыстардың бір парасы ғана баяндалды.
Қол жеткізген нәтижелеріміздің барлығы – халықтың әл-ауқатын жақсартуды басым бағыт еткен ел Президентінің сарабдал саясатының жемісі.
Баршаларыңызға осынша ауқымды міндеттерді шешуге қосқан зор үлестеріңіз үшін алғыс айтамын.
Келесі кезекте Мемлекет Басшысының дәстүрлі Жолдауы біздің алдағы уақыттағы атқарар жұмыстарымыздың басты императиві болуы керек.
Олардың табысты орындалуы әр қайсымыздың адал, ыждаһаттылықпен еңбек етуiмiзге байланысты.
Бiз барлық күш-жiгерiмiздi Отанымыздың өсiп-өркендеуiне жұмылдыруымыз керек. Баршамызға ауқымды жұмыстарды атқарумен, Президент, Ұлт Басшысы анықтаған мiндеттердi шешу жолындағы жұмысқа белсене қатысуымыз керек Елбасы Жолдауының негізгі шарттарын сапалы және тиімді орындау арқылы көзделген мақсаттарға жетуде Хромталықтар өз үлестерің қосады деп сенім білдіремін.
Назар қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!