«МЕН - МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰЛАНЫМЫН» АТТЫ АУДАНДЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған №5 Хромтау гимназиясында “Хромтау аудандық білім бөлімі” ММ-нің және «Нұр Отан» ХДП-ның Хромтау аудандық филиалының қолдауымен «Мен -мәңгілік ел ұланымын» атты аудандық ән байқауы өтті. Аталмыш шараға аудан мектептерінен 25 білім алушы қатысты. Қатысушылардың әрқайсысы бір патриоттық әннен шырқады. Аудандық «Мен-мәңгілік ел ұланымын» атты əн байқауында балалар музыка мектебінің директоры Ирина Петрова, аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Ғани Бисенов және «Нұр Отан» партиясының Хромтау аудандық филиалының өкілі Майра Балкибаева сайыскерлерге төрелік етті. Сайыс жеңімпаздары анықталып, марапатталды.@ Хромтау ауданы әкімінің баспасөз қызметі