1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 10 ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесі қарсаңында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Хромтау қаласы 22 ықшам ауданында бой көтерген 2 қабатты, 10 пәтерлі жалдамалы-коммуналдық тұрғын үй пайдалануға берілді. Аталмыш мерекемен тұрғындарды құттықтап, жылы лебізін білдірген аудан басшысы Аманғали Бердалин тұрғындарға салтанатты түрде пәтер кілттерін табыстап, қуаныштарымен бөлісті.
@ Хромтау ауданы әкімінің баспасөз қызметі