Экономика

Жаңадан өндіріс орындары іске қосылып, әлеуметтік сала нысандары мен инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары жалғасын табуда.
Ауданда тау кен өндіру өндірісі жолға қойылған, бүгінгі күні «Дөң тау кен байыту» комбинаты хром өнімін өндіру және оны байыту сатысында, аудан, облыс және республика көлемінде, экономиканың қарыштап дамуына өз үлесін қосып отырғандығы белгілі.
Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі қолданыстағы баға бойынша 192,1 млрд.теңгені құрады.
Жыл басынан Дөң тау кен байыту комбинаты бойынша хром кенін өндіру көлемі 4409,7 мың тоннаны құрады және тауарлық хром кені 3902,6 мың тоннаны құрады.
«Восход Ориел»- жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, хром руданы 1001,0 мың тоннаға және хром концентратын 573,4 мың тоннаға өндірді.
«Ақтөбемыскомпания» және «Коппертекнолоджи» жауапкершілігі шектеулі серіктестік өнеркәсіпорындары арқылы мыс руданы өндіру көлемі 4297,0 мың тоннаға, мыс-мырыш рудасы 586,8 мың тоннаға, мыс концентраты 390,1 мың тоннаға оның ішінде цинк концентраты 36,4 мың тоннаға өндірілді.
Есепті мерзім ішінде, қызыл кірпіш өндіру көлемі 13 млн.585 мың дана құрады, өткен жылмен салыстырғанда 105,0 мың данаға артты.
«Ақтөбемыскомпания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы жылына 500,0 мың тонна қуаттылығымен мыс-мырыш өндіретін «Весенне-Аралчинское» кеншарының құрылысы жүргізілуде және «Лиманное», «Кундыздинское» кен орындарын игеру мақсатында, инвестициялық жобалары қолға алынып әзірленуде.
Аққұдық ауылдық округінің аумағында «Игданит» ЖШС арқылы қайнатылмаған әк (известь) 25,0 мың тонна жылдық қуаттылығымен өндірлетін зауыттың құрылысы жүгізілуде.
Ауданда бірқатар құрылыс материалдарын өндіру жұмыстары жолға қойылған, Абай, Тассай, Кызылсу, Тасөткел ауылдық округтерінің аймағында қиыршақ тас өндірісі және Дөң ауылдық округінің аумағында құм өндіру қолға алынып жүргізілуде.