Аудан әкімі

Мен, Бердалин Аманғалий Бисенбайұлы 1964 жылы 13 қыркүйекте Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауданы Қарабұтақ селосында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Білімім жоғары. 1989 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын ветеринария мамандығы бойынша оқып, мал дәрігері біліктілігін және 2006 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін экономика мамандығы бойынша оқып, экономика бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесін алдым.
Алғаш еңбек жолымды 1981-1982 жылдары аралығында Қарабұтақ ауданының Т.Г.Шевченко атындағы кеңшарында құрылысшы болып бастап, 1982-1983 жылдары Саратов мемлекеттік зоотехникалық-мал дәрігерлік институтында білім алып, 1983-1985 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышымды өтеп келген соң, 1985-1989 жылдары Саратов мемлекеттік зоотехникалық-мал дәрігерлік институтындағы білімімді жалғастырдым. 1989-1990 жылдары Т.Г.Шевченко атындағы кеңшардың аға мал дәрігері, 1990-1994 жылдары Т.Г.Шевченко атындағы кеңшардың бас мал дәрігері, 1994-1999 жылдары «Қарабұтақ» Ұжымдық Кәсіпорнының төрағасы, 1999-2011 жылдары «Қарабұтақ» ЖШС-нің директоры, 2011-2012 жылдары Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары, 2012 жылдың 30 наурызынан 2016 жылдың 31 қазанына дейін Әйтеке би ауданының әкімі қызметін атқардым. 2016 жылдың 31 қазанынан бастап Хромтау ауданы әкімі қызметін атқарып келемін.
2009 жылы «Құрмет» орденімен, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», 2005 жылы «Тыңға 50 жыл», 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» 2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталдым.