Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Ашық есік күні» өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының тапсырмасына сəйкес, ағымдағы жылдың 23 қаңтарында қызмет алушылармен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Хромтау аудандық бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сұрақтары бойынша Хромтау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру құрылымдық бөлімшесі, аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің АХАТ қызметі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жəне мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің қатысуымен аудан тұрғындарын қабылдау өтті. Сонымен қатар, қызмет алушыларға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ саласы бойынша электронды нысанда қолжетімді мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкіметтің веб-порталы» арқылы алудың бизнес-процесі сипатталған арнайы жадынамалар дайындалып, аудан тұрғындарына таратылды.