Поездағы өрт кезіндегі іс-қимыл

Поезд ішіндегі ең алдымен өрт алаумен емес, вагонның синтетиқалық материалдарының улы жаңғыш өнімдерімен қауіпті.
Жану жағдайы орын алған кезде:
- Жану жағдайы туралы вагон жолсерігіне хабарлау;
- Ұйқтап жатқан жолаушыларды ояту;
- Тыныс алу органдарын дымқыл матамен (сүлгімен, жастық тысымен, жаймамен, киіммен) жабу;
- Оттегі ағынынан жану жағдайы күшейеді, сол себепті терезені мүлдеу ашпау;
- Жартылай бос вагондарға тізеңізді бүгіп, болмаса еңбектеп өтуінізге болады, өйткені төменде (еденге жақын жерлерде) түтін аз болады;
- Жүріп келе жатқан поезд ішінде мүмкіндігінше қозғалыс бағытындағы көрше вағонға көшу;
- Поезд тоқтағанда вагоннан шығып, қауіпсіз қашықтыққа кету қажет.
Барлық жағдайларда үрейге бой алдырмай және батыл қимыл жасасаныз, ол құтқарулуыңызға ықпал етеді.
Хромтау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.