Автокөлікте жану жағдайының туындауының алдын алу үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы

Автокөліктердегі өрттер тез өршиді және жүргізушілер мен жолаушылар үшін өте қауіпті. Өрт кезінде электр қондырғылардың және салон қаптамасындағы синтетиканың көптілігінен улы газдар көп көлемде бөлінеді. Автокөлікте жану жағдайының туындауының алдын алу үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:
- автокөліктерді күзетілетін тұрақтарда немесе гаражда қалдыру;
- міндетті түрде оның техниқалық жарамдылығын қарау;
- автокөлік салонында шылым шекпеу;
- автокөлік қозғалтқышын қыздыру үшін ашық отты пайдалануға болмайды;
- егер де Сіздің автокөлігіңізде газ қондырғысы орнатылған болса,
мамандырылған шеберханаларда мерзімді техникалық қызмет көрсетуден өту қажет.
Әрине,автокөлігіңізде алғашқы көмек көрсету үшін әрдайым дәрі-дәрмек қобдишасы және мерзімі жаралуы өрт сөндіргіш болуы қажет.
Құрметті автокөлік жүргізушілер, осындай қарапайым ережелерді ұстана отырып темір тұлпарыңызды жану жағдайынан қорғай аласыз және өз автокөлігіңізді жарамды күйде сақтай аласыз.
Өрт оқиғасы болған жағдайда, жүргізуші тез арада автокөлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіруі, жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіруі, «101», «112» телефондарына хабарлауы, сол арада өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіру шараларын қолдануы қажет.
Хромтау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.