ХРОМТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ КАЛА ӘКІМІ АСҚАР НҰРТАЗИННЫҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

Кеншілер мәдениет үйінде аудан әкімі Аманғали Бердалинның қатысуымен Хромтау қаласында атқарған жұмыстар және 2018 жылға қойылған міндеттер туралы Хромтау қаласының әкімі Асқар Нұртазинның жылдық есебі өттІ. 2017 жылы қаланы көркейту мақсатында жүргізілген жұмыстар: - жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар орнатылды; - жол белгілері дайындалып орнатылды; - 10 көшенің көлік жолдары қайта жөндеуден өтті (Железнодорожная, Нурлыбаев, Целинная, Кенжалин, Достык, Маметов, Школьный пер., Толстой, Донская, Мотросов); - қалада 20 камера жұмыс жасайды және 2017 жылы 7 бейнекамера орнатылды; - қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді : Бейбітшілік, Алтынсарин, Кенжалин, Целинная, Маметова, Донская, Мотросов, Железнодорожная, Әуезов, Уалиханов көшелеріндегі саябақтар жөнделіп, Самара-Шымкент тас жолы жарықтандырылды. 2017 жылдың қазан айында Имангазин, 8 Наурыз, Жангелді, Алдияров; Жамбыл, Горький көшелерінің 4,2 км-ге жуық бөлігі жарықтандырылып, 135 бағана және 164 көше шамдары орнатылды; -қала бойынша 7155 ш.м тас төселді, оның ішінде 3262 ш.м. Ахтанов, Бейбітшілік, Әліпов көшелерінде және 3893 ш.м. қала саябақтарында: -қаланы көркейту мақсатында: саябақтарға қоршау салынып, орындықтар орнатылды, Есет батыр көшесіндегі балалар қалашығы жөнделді, «Хромтау сүйікті қалам» атты светодиоттық жазу орнатылды, қоқысқа арналған жәшіктер дайындалып орнатылды, қала бойынша 12 шағын архитектуралық мүсіндер орнатылды, әр түрлі мерекелерге баннерлер дайындалып ілінді; -абаттандыру жұмыстары жүргізілді: 4500 ш.м. аумаққа гүлдер мен көшеттер отырғызылды; -Абай көшесінде 2 субұрқақ жөнделді; -Жангелді – Әйтеке би және Әліпов – Ахтанов көше қиылыстарына 2 бағдаршам орнатылды; -Абай және Жеңіс көшелерінің қиылысына «Шаңырақ» және 3 қақпа металлдық құрастырылымдар орнатылды; -Бейбітшілік және Әуезов көшелерінде саябақтар жөнделді: жарық орнатылды, тас төсеніштер салынып, темір қоршаулар орнатылды; -Ахтанов Көшесіне спорт алаңы мен балаларға арналған ойын алаңы салынды; -абай көшесіндегі айналма жолға сағат және т.б орнатылды; 2018 жылға арналған жоспар: -хромтау қаласының орталық саябағын жөндеу; -22 қала бөлігіндегі 600 орындық мектеп және 100 орындық интернат, 320 орындық балабақша, Мәдениет үйі мен әкімшілік ғимараттың құрылыс жұмыстарын аяқтау; -22 қала бөлігіндегі Мәдениет үйі мен әкімшілік ғимараттың инженерлік коммуникациялық құрылыс жұмыстарын аяқтау -айналма жолдарды жөндеу (2км); -қала ішіндегі жолдарды жөндеу: -22 қала бөлігіндегі 96 пәтерлі үйдің құрылысы (кезекте тұрған азаматтарға арналған); -абай, Әуезов, Целинная көшелеріндегі спорт қалашықтарының құрылысын аяқтау. @Хромтау ауданы əкімінің баспасөз қызметі