НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

«112» телефон нөмірі әрбір адам білуі тиіс ең маңызды нөмірлердің бірі. Көмекке мұқтаж адамдардың өмірлері осыған тәуелді.
«112» телефон нөмірі шұғыл жағдай туындаған кезде авариялық-құтқару қызметтерін шақыруға арналған. Алайда бүгінде аталмыш нөмір ерігу мен ойынның құралына айналып отыр.
«112» телефон нөміріне Сіз өміріңізге, денсаулығыңызға, мүлік пен қоршаған ортаға қауіп төнген немесе төнуі ықтимал кезде шұғыл көмек қажет болған жағдайда ғана қоңырау шалыңыз.
Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Өңірлік оқыту орталығы Қазақстан Республикасы азаматтарынажалған шақырту үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-ші және Қылмыстық кодекстің 419-шыбаптарына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін хабарлайды.
«112» телефон нөміріне шалынған қоңыраулар жазылатынын есте сақтаңыз.