МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының тапсырмасына сəйкес, ағымдағы жылдың 28 наурызында қызмет алушылармен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Хромтау аудандық бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сұрақтары бойынша Хромтау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру құрылымдық бөлімшесі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Хромтау аудандық бөлімінің, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі жəне аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі мамандарының қатысуымен аудан тұрғындарын қабылдау яғни, «Ашық есік күні» өтті. Сонымен қатар, қызмет алушыларға электронды нысанда қолжетімді мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкіметтің веб-порталы» арқылы алудың бизнес-процесі сипатталған арнайы жадынамалар дайындалып, аудан тұрғындарына таратылды.