Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмыстары туралы акпарат

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2017 жылғы қолданыстағы үш түрлі әлеуметтік әрдемақыларды біріздендіріп, орнына бір жәрдемақы ретінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енді.
2018 жылға Хромтау ауданы бойынша респуликалық бюджеттен 2500 адамға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 27,8 млн. теңге , ал жергілікті бюджеттен 26,4 млн. теңге бөлінді.
А.ж. сәуіріне 289 адамы бар 78 отбасына 4086,2 мың тенге тағайындалып, 137 адамы бар 16 отбасына 1500,0 мың тенге төленді.
Тұрғын үй жәрдем ақысын төлеуге аудандық маслихат шешімімен 2016 жылға 2086,0 мың тенге бөлінді. 2018 жылдың 30 наурызына 43 адамы бар 30 отбасына 287,1 тағайындалып, төленді.
Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілген әлеуметтік төлемдер 2143 адамға 60000,0 мың тенге бөлінді. 2018 жылдың 30 наурызына 378 адамы бар 156 отбасы 3268,1 мың тенге тағайындалып, төленді.
Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша.
Аудан бойынша әлеуметтік ахуал тұрақты. Атқарушы жергілікті органдарының жоспарларына сәйкес, 2018 жылдың 30 наурызына аудан бойынша 221 жаңа жұмыс орыны ашылды (31 %), жоспар саны-710 жұмыс орыны. Әлеуметтік жұмыс орынына 55 адам (70%) жолданды, жоспар саны-20 адам. Жастар тәжірибесіне 9 адам (10%), жоспар саны-85 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға 74 адам (21 %) жолданды, жоспар саны-350 адам.
Тұрақты жұмыс орынына 174 адам (22%) орналастырылды, жоспар саны 766 адам. Орындалып жатқан іс-шаралар халықтың еңбекпен қамтылуын және жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады.
3 айдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамту органдарында 174 жұмыссыз азамат тіркелген. Тіркелген жұмыссыздықтың деңгейі 01.04.2018 ж 0,7 % құрады.
Бөлім қызметкерлері қызметтік міндеттерді атқару кезінде киім киюдің іскерлік стилін ұстай біледі.Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда қызметшілер сыпайылық пен әдептілік таныта біледі. Бөлім қызметкерлерінің атына ешқандай арыз-шағым болған жоқ.