Мансаптық өсу мүмкіндігі

Қазіргі танда мемлекеттік қызметте мансаптық өсуге барлық мүмкіндік жасалуда, атап кетсек меритократия қағидасын қолданып бекітілген тәртіпке сай ішкі конкурстарға қатысу арқылы жоғары мансапқа қол жеткізу болады.
Ел Басының «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарында 5 институционалдық реформалар анықталған, соның ішінде КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ бойынша 15 қадам қаралған, сол қадамдардың 10 қадамы – мемлекеттік қызметшілерді мансаптық жоғарлату
үшін конкурстық негізге көшу (меритократия қағиданы ұстану);
Ішкі конкурстар екі деңгейде өткізіледі, 1 ішкі конкурсқа тікелей мемлекеттік органдағы мемлекеттік қызметшілер бекіткен тәртіппен қатыса алады, 2-ші деңгейдегі конкурсқа барлық мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.
Ішкі конкурсқа минималды пакеттегі құжаттар талап етіледі, ол: «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш және күнтізбелік 30 күн ішінде персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысу тәртібі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің және аудан әкімінің ресми сайттарында орналасқан.
Құрметті әріптестер, меритократия қағидасымен мансаптық жоғарылату мүмкіндігін қолданып, өзіңізді сынап көруден бас тартпаңыз, әңгімелесу рәсімінен сәтті өткен кезеңнен кейін жоғары лауазымға қол жеткізуге болады.
Ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен мемлекеттік мекемелер арасында «шектеулі келісімдер» бекітіліп ведомстволық бағыныстағы мекемелер қызметкерлерінің мансаптық өсуі меритократия қағидасымен жүргізілетіні айқындалғанын айтып кету жөн деп санаймын.