МЫЗҒЫМАС СЕРІТЕСТІК НЫҒАЯ ТҮСТІ

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Сыртқы сараптамалық комиссиясының өкілдері Хромтау тау-кен техникалық колледжін Ұлттық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тексеру барысында Дөң тау-кен байыту комбинатының (Еуразиялық топ, «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы) бірнеше цехтарын аралап көрді. Сапардың мақсаты 40 жыл бойы колледждің әлеуметтік серіктесі болып келе жатқан кәсіпорындағы Хромтау тау-кен техникалық колледжі студенттерінің тәжірибелік негіздерімен танысу болды.
Дөң тау-кен байыту комбинаты Хромтау тау-кен колледжінің әлеуметтік серіктестігі екендігі айқын. Комбинаттың өркендеуіне үлес қосар мықты жұмысшы мамандар даярлайтын оқу орнының мызғымас серіктестігі әмбеге аян. Аталмыш колледждің студенттерін жұмыспен қамтамасыз етуде және тәжірибелерін шыңдауда кәсіпорынның маңызы ерекше. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Сыртқы сараптамалық комиссиясының өкілдерінің Дөң тау-кен байыту комбинатының «Молодежная» шахтасы, кен байыту және кесектеу фабрикасы мен №1 ұсатып байыту фабрикаларында болып, студенттермен сұхбаттасып, олардың тәжірибе неіздерімен танысуы колледжбен өнеркәсіп ошағы арасындағы серіктестігін нығайта түсті. Бұл жұмыстардың барлығы Хромтау тау-кен техникалық колледжінің институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден өту барысында жүзеге асырылды.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі мен Хромтау тау-кен теxникалық колледжі ағымдағы жылдың алтыншы маусым мен тоғызыншы маусым күндері институционалдық және мамандандырылған аккредитеу процесін жүргізді.
Агенттік тарапынан құрылған сыртқы сараптамалық бағалауды өткізуге келген сараптау комиссиясы үш күнге созылған тексеріс барысының алғашқы күні сұxбаттасу мен сауалнамалар жүргізсе, екінші және үшінші күндері жоспарға сәйкес Хромтау колледжінің өзін-өзі бағалау туралы есебінің негізінде сараптау комиссиясының құрамы сабақтарға қатынасып, білім беру мен тәжірибені ұйымдастыру құжаттарын зерделеді. Сонымен қоса өндіріс базаларында студенттердің іс-тәжірбие дағдыларын меңгеру процессін бақылады.
Осындай ауқымды шаралар барысында 40 жылдан бергі колледждің әлеуметтік серіктесі боп келген Дөң тау-кен байыту комбинатының студенттер үшін тәжірибе жинақтауын оңтайлы ұйымдастырып, студенттерге өндіріспен жан-жақты танысуларына мүмкіндік беріп, олар үшін жасаған қолайлы жағдайларына оң бағаларын беріп, алғыстарын білдірді.
Кез-келген сынан сүрінбей өтетін кәсіпорын өзінің мықты өнеркәсіп екендігімен қоса сенімді серіктес бола алатындығын тағы бір мәрте дәлелдеді.