Хромтау ауданында арнайы- тактикалық жаттығу өткізілді

2018 жылдың 16 маусым күні Хромтау ауданында ауданның Ерікті өрт сөндіру жасақтарымен Арнайы-тактикалық жаттығу өткізілді. Бұл аталған шара Арнайы-тактикалық жаттығудың мақсаты: Хромтау ауданындағы құрылған ерікті өрт сөндіру жасақтарынының дайындықтарын тексеріп орман-дала өрттерін сөндіру әдістерін үйретіп және көрсету болып табылады. Арнайы жаттығуға Хромтау қаласы және ауданының 14 селолық округтерінің ерікті өрт сөндіру жасақтары, №16 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы, жергілікті полиция қызметкерлері,жедел жәрдем қызметкерлері қатыстырылды.
Арнайы-тактикалық жаттығу нәтижесінде ерікті өрт сөндіру жасақтары дала алқаптарының өрттерін сөндіруге дағдыланды.
Хромтау ауданының ТЖБ бастығы
азаматтық қорғау майоры Н.Избастин