Президент жолдауын іске асыру бойынша іс шара жоспарының орындалуы

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауының іске асырылу барысы туралы
1) Қазіргі таңда Елбасы жолдауын іске асыру мақсатында 3235 адам қамтылған 21 шара өткізілді. Олар:
- Ағымдағы жылдың 5 қазан күні аудан әкімдігінде Елбасының Жолдауы тыңдалды. Жолдауды тыңдауға аудан әкімі, аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімідігінің бөлім басшылары мен мамандары, ардагерлер және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
- Оған қоса, Хромтау тау-кен техникалық колледжінде, колледж ұжымы мен студенттері Елбасы Жолдауын тікелей эфирден тыңдады.
- 8 қазан күні аудан әкімдігінде аудан әкімі Аманғали Бердалиннің төрағалығымен Жолдауды түсіндіру мақсатында актив отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихат хатшысы, құқық қорғау органдарының өкілдері, аудан әкімідігінің бөлім басшылары, қала және ауыл әкімдері, ардагерлер, белсенді жастар, ҮЕҰ өкілдері және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Аталған актив отырысында жолдауда айтылған тапсырмаларды талдап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы айтылды.
- 11 қазан күні Хромтау ауданына облыстық ақпараттық топ мүшелері келіп, Сарысай, Дөң, Тассай, Никельтау ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесулер барысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлзада Алматбаева, құрылыс және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Нұртас Сейтов, «Парасат-Ғылым» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Көшкінбай Ахметов және тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, тарих және археология орталығының директоры Дәулет Абенов түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
- 22 қазан күні Хромтау ауданына РАТТ мүшесі, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек келіп, «Восход-Oriel» ЖШС ұжымымен кездесіп, Жолдауда айтылған тапсырмаларға сәйкес атқарылатын жұмыстар туралы айтып өтті.
- 23 қазан күні Хромтау ауданы әкімінің жанынан құрылған ақпараттық түсіндіру тобы Абай ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуге ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Хромтау аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Арман Сарбаев, «Халық банк» Хромтау аудандық филиалының басшысы Руслан Жакиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Жайнагүл Аширбекова қатысты.
- 24 қазан күні Елбасы жолдауын насихаттау мақсатында ауданға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Геннадий Шиповских, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Құралай Қарекен, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Дания Еспаева жұмыс сапарымен келіп, Бөгетсай және Қопа ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Сонымен қатар кездесуге Хромтау ауданы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исембайұлы және «Нұр Отан» партиясы Хромтау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жантас Нұрымов қатысты.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Қопа ауылдық округіндегі «Актеп» ЖШС-де болып, ұжымымен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Кездесу соңында, депутаттар ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
- Елбасы жолдауында айтылған тапсырмалардың бірі бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың өңірлік деңгейде қолжетімділігін арттыру қажеттігі. Осы мақсатта, Хромтау тау-кен техникалық колледжінде жұмысшы жастардың арасында волейболдан жолдастық кездесу өткізілді.
2) 78 адамнан жасақталған аудан әкімі жанындағы аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) мүшелерінің тізімі жаңартылып, жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес а.ж. 23 қазан – 6 желтоқсан аралығында АТТ мүшелері Елбасы жолдауын аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатында ауылдық округтерге шығып, ақпараттық жұмыстар жүргізуде.
Елбасы жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында аудандық «Хромтау» газетінде және аудан бойынша мекемелерде (әкімдіктер, мемлекеттік мекеме және білім беру ұйымдарында) тіркелген әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларда «Жолдауға-қолдау» атты арнайы айдар ашылып, аудан тұрғындарының пікірлері, өткізілген шаралар және ақпараттық материалдар үздіксіз жарияланып отырады. Бүгінгі күнге дейін аудандық «Хромтау» газетінде 11 мақала және әлеуметтік желілерде 133 мақала жарияланды.