БӨГЕТСАЙДА жаңа ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Бөгетсай ауылдық округінде қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа зауыт бой көтереді. Аталған зауытты «Қазақстан мұнай-газ комбинаты» ЖШС салмақшы. Жоба құны – 16 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі таңда зауыт салуға берілген жер телімі құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін дайындалуда.
– Құрылыс алаңында әзірге үш ауыр техника аталған жұмыстармен шұғылдануда. Алдағы жылы зауыт құрылысына 100 шақты жергілікті тұрғын қабылданады. Тұрғындарды жұмыс беруші тарап қажетті мамандықтар бойынша қайта даярлықтан өткізеді.
Хромтау ауданы әкімінің баспасөз қызметі