Мемлекеттік көрсетілетін қызмет.Сапалы әрі жылдам.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері білім беру саласының барлығын — мектепке дейінгі тәрбие, жалпы, орта, кәсіптік, жоғары білім беру жүйесін қамтиды. «Шаңырақ» бөбекжай-балабақшасында "Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүргізіледі. Балабақша – аталған қызметті беруші тарап болса, ата-ана – көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Балабақшамызда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы үнемі бағалау және бақылауда болады. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі, мерзімі, нысаны стандартқа сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет - көрсетілетін қызметті алушыларға тегін көрсетіледі.
Бірінші кезекті орынды алуға мыналар құқылы:
1) заңды өкілдері мүгедек болып табылатын балалар;
2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар;
3) көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
4) ерекше білім беруді қажет ететін балалар.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
3) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжат;
4) әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтама (бар болғанда) (берілген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде жарамды);
5) ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болғанда);
6) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжаттар (бар болғанда).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым жазбаша түрде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілгендей қызметті беруші басшысының атына яғны балабақша меңгерушісінің атына беріледі.
«Шаңырақ» бөбекжай-балабақшасы
МКҚК меңгерушісі м.а. Д.Аманжол