Аудан тазалығы басты назарда

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Аманғали Бердалиннің қатысуымен жиын өтті.Қала, ауыл әкімдері және бөлім, мекеме басшылары қатысқан жиында тазалық пен абаттандыру мәселесі күн тәртібіне қойылды.Хромтау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Сағындық Шабикбаев Хромтау қаласындағы бөлімдер мен мекемелерге бөлінген аумақтардағы тазалық жұмыстары мен абаттандыру жұмыстары хақында баяндады.Әрбір бөлім мен мекемеге тиісті аумақтардағы тазалық пен абаттандыру жұмыстары кезек күтірмейтін мәселе екендігін шегелеп айтқан аудан әкімі Аманғали Бердалин қолға алған жұмыстарды жүйелі жасау керектігін қатаң ескертіп, нақты тапсырмалар жүктеді.#Хромтау_ауданы_əкімдігі#Хромтауский_районный_акимат