"Шәмші" қойылымы көпшілік көңілінен шықты

Мамыр айының 4 жұлдызында ауданға "Astana Musical" мемлекеттік театры келді. Ауданға алғаш рет ат басын тіреген театрды хромтаулықтар қазақы салтпен қарсы алды.Кенді өлкеге табан тіреген әртістерге бауырсақ пен ағарған ұсынылып, Естай Өтеулиев қазақтың қасиеті қара домбырасымен өз өнерін көрсетті.N6 Хромтау гимназиясында "Astana Musical" театры хромтаулықтарға "Шәмші" қойылымын ұсынды.Шынайлық пен шеберліктерін айқын көрсете білген театр әртістері хромтаулықтардың көңілінен шықтыҚазақтың бір туар ұлы Шәмші Қалдаяқыптың өмірінен сыр шерткен қойылымымен көрермендерді таңқалдырды.