Аудандық оқу-далалық жиынының жабылу салтанаты өтті

6 мамыр күні Дөң орта мектебінде аудан оқушыларының оқу-далалық жиынының жабылу салтанаты өтті. Шараға Хромтау ауданы əкімінің орынбасары Меткүл Қосымбаева қатысып, жас сарбаздарды 7 мамыр - ҚР Қарулы күштерінің құрылу күнімен құттықтады.
Жиын барысында оқушылар саптық шерумен өтіп, оқу-далалық жиынынында меңгерген атыс дайындығы, автоматты жинау жəне тактикалық дайындық бойынша өнерлерін көрсетті.Шара соңында оқу-далалық жиынының туы Қопа орта мектебіне табысталды.