Хромтаулықтар Отан қорғаушылар күнін кең көлемде атап өтті

7 мамыр – ҚР Қарулы күштерінің құрылу күніне орай Хромтау қаласында мерекелік шара өтті. Шараға аудан басшысы Аманғали Бердалин қатысып, хромтаулықтарды мерекемен құттықтады. Шара барысында аудандық оқу-далалық жиынының оқушылары саптық шеру жасап, тактикалық дайындық, қоян-қолтық жекпе-жек, автоматты жинау бойынша шеберліктерін көрсетті.Сонымен қатар, шарада Ақтөбе облысы білім басқармасының патриоттық тәрбие беруді жетілдіру және алғашқы әскери дайындық сабақтарын жоғары деңгейде өткізу мақсатында 34 винтовка мен 30 дана автомат ауданның барлық білім ордаларына табысталды.