Көктебеліктер Наурыз мерекесін тойлады

7 мамыр күні Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында Көктөбе ауылдық округінде жаны жомарт ауыл азаматтарының қолдауымен Наурыз мерекесі тойланды. Наурыз мерекесіне арналып қазақтың ағаш үйлері тігіліп, аламан бәйге ұйымдастырылды. Ауыл азаматтары спорттық сайыстарда бақ сынап жеңімпаздарды анықтады. Наурыз тойына қатысқан аудан басшысы Аманғали Бердалин көктебеліктерді мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» акциясы аясында ауылдың көркеюіне үлес қосып жүрген азаматтарды арнайы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ, шара барысында «КөктөбеСтрой» компаниясының демеушілігімен салынған футбол алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Демеушілікпен жаңадан бой көтерген футбол алаңында ауданның аяқ доп шеберлері сынға түсті.