Көктебеде жаңа футбол алаңы ел игілігіне берілді

Көктөбе ауылдық округінде "Ауыл - Ел бесігі" акциясы аясында «КөктөбеСтрой» компаниясының демеушілігімен салынған футбол алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған аудан басшысы Аманғали Бердалин қатысып, көктөбеліктерді мерекемен құттықтап, ауыл балалары үшін футбол алаңын салып берген ел азаматтарына алғысын білдірді.
Демеушілікпен жаңадан бой көтерген футбол алаңында ауданның аяқ доп шеберлері сынға түсті.