Волейболшы қыздар жеңімпаз атанды 

Ақтөбе қаласында волейболдан 2006-2007 жылы туылған қыздар арасында  өткен облыс чемпионатында Хромтау ауданының командасы І орынды жеңіп алды. Барлығы 11 команда қатысқан чемпионатта Дәурен Мулдашев жаттықтыратын волейболшы қыздар барлық қарсыластарын жеңе білді. Сонымен қатар, доп додасында ІІ орын Әйтекеби ауданы иеленсе, ІІІ орын Алға ауданының командасы қанағат тұтты.