Дзюдодан мықтылар анықталды

Ақтөбе қаласына 150 жыл" және Хромтау БЖСМ 50 жылдығы аясында 2019 жылға жоспарланған іс-шаралары өз жалғасын табуда. Оның дәлелі Хромтау қаласында дзюдодан 2007-2009 жылы туылған жасөспірімдер және 2003-2005 жылы туылған қыздар арасында БЖСМ біріншілігі өтті.Жарыстың ашылу салтанатында дзюдодан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Мысин Есен Тажесұлы мен ҚЕСШ, Қазақстан Республикасының он дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы, Сидней олимпиадасының қатысушысы Кушербаева Гүлнар Мурсалиқызы сөз сөйлеп, жас дзюдошыларға сәттілік тіледі. Үш күнге созылған біріншілікке барлығы 10 команда қатысып өзара шын мықтылар анықталды.