Біздің батырымыз

Аудан басшысы Аманғали Бердалин 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында аудандағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін арнайы барып, мерекемен құттықтады. Алдымен аудан əкімі Аманғали Бердалин Көктау ауылдық округіне арнайы атбасын тіреп, Василий Чернышовты құттықтап, облыс əкімінің атынан 300 000 теңге сыйақыны жəне азық-түлік пен жеміс-жидек толы қоржынын табыстады.Ауылдық жерде тұрғанымен Василий Чернышов барлық жағдаймен толық қамтылған. Өзін әлі күнге ширақ ұстайтын ардагер балық аулауғанды ұнатады.  "Менің өмір сүруім үшін үнемі қозғалыста болуым шарт" деген ұранды берік ұстанатын Василий Чернышов ауыл əкімдігі бекіткен әлеуметтік қызметкердің көмегінсіз өз күшімен мотоцикл жүргізіп, почтадан газетті өзі əкеледі. Сонымен қатар, ардагер үй ауласындағы бақша күтім жасап, асты да өзі əзірлейді. Дегенмен, əлеуметтік қызметкер ардагердің үйіне үнемі барып, тазалық жұмыстарына көмектеседі. Ауыл балдарына ерен еңбек пен ұдайы қозғалыстың адам өмірі үшін маңызы зор екендігін насихаттап жүрген Василий Чернышов ұрпақ тəрбиесімен айналысудан да шет қалған емес. Ол білім ордасындағы шараларға қатысып, жастармен сұхбаттасып, олардың бойына патриоттық қалыптастырып Отан деген ұлы сөздің мәні мен маңызын түсіндіреді. Оқушылар да өз кезегінде ардагердің үйіне келіп, өмір жолымен танысып тұрады.Мерекемен құттықтап барған ел азаматтарын ыстық ықыласпен қарсы алған Василий Чернышов жергілікті атқарушы билік өкілдері тарапынан көрсетілген көмектерге ризашылықтарын білдірді.