ДІНТАНУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ДӘРІС ӨТТІ

Хромтау тау-кен техникалық колледжінің мәжіліс залында аудандағы дінтану пәнінің мұғалімдеріне Облыстық АТТ мүшесі, "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин "Деструктивті діни ағымдармен күресу жолдары" тақырыбында дәріс өткізді. Дінтану мамандарымен тұшымды әңгіме өрбітіп, өзара тіл табысып, диалог орнатқан облыстық АТТ мүшесі Нұрсұлтан Жаншин мамандардың сауалдарына жауап берді.Сонымен қатар, дәріс соңында барлық қатысушыларға "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының атынан арнайы кітаптар үлестірілді.