Қате шоттармен жұмыс

Жеке қорлардағы зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырғаннан кейін салымшылардың деректемелері қате жазылған шоттардың саны шамамен 820 мың бірлікті құрады. Қазіргі кезде Қор мамандары шоттарды өңдеу, иелерін анықтау жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыруда.2019 жылдың 1 мамырына қарай БЖЗҚ дерекқорында шамамен осындай 204 мың техникалық шот қалды. Қазіргі уақытта бұл бағытта жұмыстар одан әрі жалғасуда және Қордың стратегиялық мақсаттарының бірі – үнсіз келісім бойынша ашылған шоттардың толығымен сәйкестендіру болып табылады.Біздің бөлімшелерге барып, шотыңыздағы ақпаратты тексеріп алуыңызға кеңес береміз!