БЖЗҚ туралы сұрақ

Сұрақ: Мен шет ауылда тұрамын, аудан орталығы алыста. Мен секілділерге зейнетақы қызметтерін қолжетімді ету үшін Қорда қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр?Жауап: Бүгінде еліміздің шалғай аудандарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Мобильдік кеңсе» деп аталатын жобасы ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба шалғайда орналасқан елдімекендер мен бөлімшелері жоқ аудандардың тұрғындарын зейнетақы қызметтерімен толыққанды қамту мақсатында қолға алынған.«Мобильдік кеңсенің» жолға шығуы арнайы жоспар  бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергілікті әкімдікпен алдын ала келісіледі және тұрғындар оның келу уақытын алдын ала біліп отырады. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру таратылады. Бұл ретте жергілікті атқарушы органға хабарласып, елді мекеніңізді жоспарға енгізу жөнінде өтініш беруіңізге де болады. Әзірге үш «Мобильдік кеңсе» Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында жұмыс істеп жатыр. Биыл жыл соңына дейін тағы 10 облыс қамтылатын болады.Одан басқа шалғай елдімекендерді зейнетақы қызметтерімен қамту мақсатында «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ бірлескен жобаны іске қосты. Соған сәйкес зейнетақы қызметтері «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы көрсетіледі.Толығырақ: https://www.enpf.kz/ru/about/press-center/news/index.php?ELEMENT_ID=5519