2013 жылда тіркілген каулылар туралы ақпарат

ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛИЕ
Хромтау қаласы город Хромтау 2013 ж. _26._наурыз 2013 г._26._марта
№ 133 № 133
Хромтау ауданы әкімдігінің 2012
жылғы 20 наурыздағы №82 «Бас
бостандығынан айыру орындарынан
босатылған және интернаттық
ұйымдарды бітіруші кәмелетке
толмаған тұлғалар үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Хромтау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Хромтау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы №82 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-12-147 тіркелген, 2012 жылғы 06 сәуірдегі аудандық «Хромтау» газетінің №12 санында жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1) тармағында «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар» деген сөздер «қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2) тармағында «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы А.Сержановқа» деген сөздер «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Изтлеуовке жүктелсін.
2
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Усмангалиев
ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛИЕ
Хромтау қаласы город Хромтау 2013 ж. _08._ақпан 2013 г._08._февраля
№ 62 № 62
2013 жылы Хромтау ауданында
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
және қаржыландыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 20 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесіне сәйкес Хромтау аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2.«Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Б.Ельдесов) жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмысқа жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.С.Изтлеуовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі А.Усмангалиев