АУДАН ПОЛИЦИЯЛАРЫ КƏСІБИ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Хромтау тау-кен техникалық колледжінің мәжіліс залында бас қосқан аудан полициялары кəсіби мерекесін кең көлемде атап өтті. Мемлкеттік гимнмен басталған салтанатты шараға аудан басшысы Аманғали Бердалин мен аудандық мəслихат хатшысы Дəурен Молдашев қатысты. Салтанатты шараны алғы сөзімен ашқан аудан əкімі Аманғали Бердалин қоғамдық тәртіпті қалт жібермей қадағалап, ел тыныштығы үшін еңбек етіп жүрген азаматтарды төл мерекелерімен құттықтап, арнайы алғыс хаттар жəне естелік сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, қызмет бабында қаза болған азаматтардың аяулы аналары мен ардақты жарлары арнайы шақыртылып, оларға құрмет пен сый-сияпат көрсетілді.
Осылайша, Отан үшін отқа түсуге дайын азаматтар кəсіби мерекеде құрметке бөленді.
#Хромтауауданыныңəкімдігі #Хромтаускийрайонныйакимат