МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ТӨЛ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

Хромтау тау-кен техникалық колледжінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.
Мемлекеттік қызметшілердің төл мерекесі мемлекеттік гимнмен басталды. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Меткүл Қосымбаева мемлекеттік қызметші болудың мәні мен маңызы хақында баяндама жасады.
Барлық ауданның мемлекеттік қызметшілерін мерекемен құттықтаған аудан басшысы Аманғали Бердалин мерекеде мемлекеттік қызметшілерге аймақ басшысы Оңдасын Оразалиннің арнайы алғыс хаттарын табыс етті.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке енді кіріскен жас мамандар салтанатты ант беру рәсімін жасап, халыққа қалтқысыз қызмет ететіндіктерін көпшлік көзінше айтты.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
#Хромтауауданыныңəкімдігі #Хромтаускийрайонныйакимат