БҮГІНГІ ДЕМАЛЫС – ЕРТЕҢГЕ КӨЗҚАРАС ЕЛІМЕ САЯХАТ

 Көкірек көзі ашық жастар жазғы демалысты пайдалы әрі тиімді өткізуді ұйғарған. Осы аптада №4 Хромтау орта мектебінің оқушылары «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында киелі Түркістан шаһарына "Би- Нур" туристік фирмасының бағдарламасы бойынша "Еліме саяхат" атты үш күндік тарихи-мәдени танымдық экскурсиялық саяхатқа барып келді. Тарихы терең Түркістанға саяхат барысында білім алушылар Арыстан баб, Үкаша ата, Домалақ ана, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері, тарихтан сыр шертетін ежелгі Отырар, Сауран, Яссы қалашықтары, "Ақ мешіт әулие" үңгірін өз көздерімен көріп, таным көкжиегін кеңейтті. Өткенді зерделеп, бүгінге көз тастаған жастардың тарихи танымын кеңейтуге ата-аналар демеушілік көрсетіп, бүгінгі демалысты – ертеңгі көзқарасқа айналдырды. Туризмді тарихпен ұштастырған оқушылар сапары Шымкент қаласының көрікті жерлері: Зообақ, Дендропарк, «Жайлаукөл» демалыс аумақтарында жалғасты. Өресі биік өрендер тарих тұнған рухани өлкедегі берері мен керегі мол мәнді саяхат ұмытылмас әсер сыйлағанын жеткізді. 
#киеліқазақстан 
@Хромтау-ақпарат
#Хромтауауданыныңəкімдігі #Хромтаускийрайонныйакимат