АУДАНҒА ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ КЕЛДІ

Сәрсенбі күні ауданға жұмыс сапарымен Ақтөбе облыстық қоғамдық кеңес мүшелері келді. Шаһар тынысымен танысқалы келген кеңес мүшелері аудан активімен кездесті. Жиын барысында аудан әкімі Нағымжан Алдияров қонақтарға қош келдің айтып, Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Бағлан Баймағамбетов ауданның даму жолындағы зор мүмкіншілігіне тоқталды.  Әлеуметтік мәселелерді шешуге үн қосып келе жатқан кеңес өкілдері шаһарымызда бой көтеріп келе жатқан әлеуметтік нысандар: 600 орындық мектеп, және 22-ықшам ауданындағы 320 орындық балабақша, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 2 төрт қабатты тұрғын үй құрылыстарын көріп, қала ахуалымен танысты. Сонымен қатар, студент-жастардың білім ордасы Хромтау тау-кен техникалық колледжіне  арнайы табан тіреп, өндірістік алаңда болды.