ХАЛЫҚТЫҢ МҮДДЕСІ - БАСТЫ НАЗАРДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың табысын көтеріп, әл-ауқатын жақсарту – басты міндет екендігін тағы бір мәрте айқындап, атқарушы билікке осы бағытта нақты шаралар қабылдау керектігін жеткізген болатын. 
Аталмыш мәселе сәрсенбі күні аудан әкімі Нағымжан Алдияровтың төрағалығымен өткен аудан әкімдігінің аппараттық кеңесінде – басты күн тәртібіне қойылып, мемлекет басшысы жүктеген 9 бағыт бойынша аудандағы түйткілді мәселелер жөнінде ішкі саясат бөлімінің басшысы Жайнагүл Ракишева баяндады. Ұсынылған ақпаратты тыңдай келе, аудан әкімі жиынға қатысушыларға кәсіпкерлерге кедергі емес, көмек көрсету, виртуалды қабылдау жүргізу, халықпен жұмысты жандандыру қажеттігін баса айтып, орынбасарларына тапсырмалар жүктеді. 
Сонымен қатар, кеңес барысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тания Есенбаева жұмысқа орналасқан, қысқа мерзімді оқыту курстарынан өткен, мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп ашуға несие алған азаматтар жөнінде ақпар берді. Тания Есенбаеваның сөзінше, мемлекеттік қолдау нәтижесінде 1386 азамат жұмыспен қамтылса, бұл жылдық жоспардың 54%-ын құрайды.
#Хромтауауданыныңəкімдігі #Хромтаускийрайонныйакимат--