Хромтау ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану(жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта конкурс қорытындысы туралы АҚПАРАТ

2019 жылғы 31 шілде күні Ақтөбе облысы Хромтау ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта конкурс өткізілді (2019 жылғы 29 мамырда өткізілген конкурста өтпей қалды деп танылған 9 учаске бойынша). Конкурс қорытындысы аудандық жер комиссиясының отырысында шығарылды.
Конкурсқа 9 учаске (лот) бойынша жалпы аумағы 2984,82 га оның ішінде: 387 га егістік, 48,81 га суармалы егістік, 2537,21 га жайылым жер учаскелері қойылды.
Конкурсқа қатысуға 6 учаске (лот) бойынша 15 конкурстық ұсыныс түсті.
4 учаске (лот) бойынша конкурс өтпеді деп танылды (жер учаскесінің аумағы 582,12 га):
1) 3 учаскеге (лот) бірде-бір ұсыныс түскен жоқ, жалпы аумағы 370,60 га оның ішінде: 199,7 га егістік, 48,81 га суармалы егістік, 119,5 га жайылым.
2) 1 учаскеге(лот) тек бір ұсыныс түсті, жалпы аумағы 211,52 га жайылым.
5 учаске (лот) бойынша конкурс өткізіліп, жеңімпаздары анықталды, табысталатын жер учаскесінің жалпы аумағы 2402,70 га оның ішінде: 187,30 га егістік, 2206,86 га жайылым.
Жалғанды - 10 бет.