АУДАН АКТИВІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ «ЖОЛДАУ – БАҒДАРШАМ...»

Жолдауда жүктелген міндеттер нақтыланып, аудан активінде талқыланды. Жиында төрағалық еткен Нұрсұлтан Исембайұлы алғы сөзінде Президент Жолдауының халықтың әл-ауқатын көтеру мен қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызын тілге тиек етті. Президент Жолдауын тақылап, үндеуден туындайтын тапсырмаларды түгендеу мақсатында өткен актив отырысының күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша  «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мәриям Жұмағалиева сөз сөйлеп, тіл мәртебесімен қатар қоғамдағы өзекті мәселелердің жодау арқылы қолдау табатындығын жеткізді.- Ата-ана, мектеп, қоғам - қоғамдық келісім. Осы үшеуі үндесім тапса, қоғамда толқыныстар болмайды деп ойлаймын. Жолдау – жол нұсқар бағдаршамымыз болсын,- деді Мәриям Төреғалиқызы.Сонымен  қатар, жиында білім беру, ауыл шаруашылық саласын дамытуға көрсетілетін басымдылықтар, пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтару ісі мен кәсіпкерлікті дамыту және әділ салық салу мәселесі  назардан тыс қалмады. Актив отырысында өңірдің бүгінгі мүмкіншіліктері айтылып, кезек күттірмей жүргізе беруге болатын жұмыстар тізбеленді. Баяндамашылар өз ойларын ортаға сала отырып, Қазақстандағы тұрақтылық пен ел экономикасын жандандыру, халық тұрмысын жақсарту жөнінде жасалған нақты қадамдар ел ертеңіне айрықша әсер ететінін ерекше атап өтті. Жиынға қатысушылар Жолдауда айтылған мәселелер бір-бірлеп жүзеге асырылып, халықтың шынайы игілігіне айналатынына сенімдіміз деп түйіндеді.@Хромтау - ақпарат