ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША КЕҢЕСТІ

5-қыркүйек, бейсенбі күні аудан әкімдігінде қоғамдық кеңес мүшелері бас қосып, күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Бұқара халықтың жан-айқайын билікке жеткізетін қоғамдық кеңесте азық-түлікке, сондай-ақ басқа да тауарлар мен қызметтерге баға мониторингі, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау жөніндегі тарифті бекіту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жөнінде мәселелер қозғалып, ұсыныстар айтылды. Алдағы аптада кеңейтілген отырыс өткізіліп, мәселенің түйінін шешеміз деген тоқтамға келді.
Хромтау Жаңалықтары