ОБЛЫС ӘКІМІ ПӘТЕР КІЛТТЕРІН ТАБЫСТАДЫ 

Облыс басшысы Оңдасын Оразалин ауданға арнайы жұмыс сапарымен келді. Аймақ басшысы сапарын әлеуметтік осал топтағы жандарға арналған көп қабатты екі тұрғын үйдің  ашылуынан бастады. 22-квартал ықшам ауданындағы 96 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, салтанатты жағдайда 15 отбасы облыс әкімінің қолынан жаңа пәтер кілтін алды. Аймақ басшысы  және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  пәтер иелерін құттықтап, шаңыраққа береке тіледі. 
Қуаныш иелері шашу шашып, облыс басшысымен бірге пәтер табалдырығын аттады.
Жаңа жайға көпбалалы отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар жайғасып, өңір басшысы 6 баланың анасы Лаурат Ерубаевағы тоңазытқыш, отау құрған жас отбасы Ануар Амангелдинге теледидар сыйға тартты. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының шарапатымен көпке қуаныш сыйлаған 4 қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын "Бабэк - құрылыс" ЖШС өткен жылы бастап, биылғы жылдың қыркүйек айында аяқтаған.