ӨҢІР БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген аймақ басшысы Оңдасын Оразалин пәтер кілтін табыстау рәсімінен сон 22-квартал ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. 
Мұнда Дөң тау-кен байыту комбинаты 320 орынға арналған балабақша құрылысын жүргізіп жатыр.
Мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында салынып жатқан балабақша құрылысы келер жылы аяқталады деп күтілуде.
Сондай - ақ, өңір басшысы жаңадан бой көтерген 600 орындық №7 мектеп - гимназиясына аялдап, оқушылардың сапалы білім алуы үшін жасалған жағдайларға көз жеткізіп, мектеп ішін аралап көрді. 
Сонымен катар, аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.