ОРТАЛЫҚ САЯБАҚ КЕЛЕР ЖЫЛЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Өңір басшысы өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Аудан орталығындағы құрылысы жүріп жатқан саябақ та аймақ басшысының назарынан тыс қалмады. 
Саябақ құрылысының барысын бақылап қайтқан Оңдасын Оразалин мердігерлерге жұмыс сапасына баса көңіл бөлуді міндеттеді. 
Жоспарға сай қарқынды жұмыс жасауды баса айтқан облыс әкімі жұмыстың сапасын бақылауда ұстайтынын жеткізіп,  саябақтағы құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың 1 шілдесінде бітіруді тапсырды. 
Сонымен қатар, Дөң тау-кен байыту комбинатының "Кеншілер" стадионын арнайы барып қарап, аудан спортшыларына жасалған мүмкіндіктерді көзімен көрді. Стадион заман талаптарына сай жабдықталған.
@Хромтау - ақпарат
#Хромтауауданыныңəкімдігі #Хромтаускийрайонныйакимат