АУДАН БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Сан сауалды қамтыған аудан басшысы Нағымжан Алдияровтың кезекті қабылдауы бүгін «Нұр Отан» партиясының Хромтау аудандық филиалы ғимаратында  өтті. Қабылдауға келген азаматтардың арыз-өтініштерінің легі жер және тұрғын үй мәселесі, мемлекет тарапынан жабылатын несиелердің өтелу талаптары жөнінде болды.  Күннің өзекті сауалына айналған тұрғын үй мәселесі бойынша қордаланған сауалдың жауабы – заңға сәйкес кезекпен беріледі. Мәселені шешу үшін 22 квартал ықшам ауданындағы 4 қабатты 2 тұрғын үйден  көп балалы және ата-ана қамқорлығынсыз тұрғ берілген пәтерлер аудандағы үй кезегін жылжытты. Мұндай тұрғын үйлер алдағы уақытта да бой көтереді. 
Қабылдау барысында көп балалы отбасынан шыққан балаларға мектеп қабырғасында  берілетін тегін ыстық тағам туралы сауалдар қойылып, шешілуін сұрады. 
Көтерілген мәселелердің жауапсыз қалмайтынын айтқан аудан басшысы Нағымжан Алдияров орынбасарлары мен бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, қатаң қадағалауына алатындығын жеткізді.
@Хромтау - ақпарат